• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысында 2018 жылы балабақшалардың жұмысын қамтамасыз етуге 10,4 млрд теңге бөлінеді

Маңғыстау облысында 2018 жылы балабақшалардың жұмысын қамтамасыз етуге 10,4 млрд теңге бөлінеді

14 Желтоқсан, 2017 12:41
Маңғыстау облысында 2018 жылы балабақшалардың жұмысын қамтамасыз етуге 10,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 15-сессиясында мәлімдеді.

«Білім беруге де айтарлықтай басымдық берілмек. Саладағы іс-шараларды орындауға 59,7 млрд. теңге жоспарланған.  Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында  «Балапан» салалық бағдарламасы бойынша қолдау жалғаспақ», - деді Шолпан Ілмұханбетова.

Облыс бойынша бөбекжай саны 117 бірліктен 258 бірлікке дейін артып, қамту көрсеткіші 50%-дан 93%-ға өсті. Осыған байланысты, балабақшалардың жұмысын қамтамасыз етуге 10,4 млрд. теңге қаралған.  Ал, орта білім беруге 40 млрд. теңге қаралды. Аталған қаражат негізінен үш ауысымды оқуды болдырмау мақсатында жұмсалмақ.

«Денсаулық сақтау  саласына 2,8 млрд. теңге қаралып отыр. Даму бюджеті бойынша 150 орындық ана мен баланы қорғау Орталығының құрылысын аяқтауға 942 млн. теңге және Мұнайлы ауданында 150 орындық орталық аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын түзетуге           10 млн. теңге қарастырылды», - деді ол.  

Мәдениет, спорт және туризмге  жоспарланған қаржы 7,8 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі механизмі  бойынша Ақтау қаласындағы Мұз сарайының құрылысын қоса қаржыландыруға - 1,2 млрд. тенге қаралған.

Барлық жаңалықтар