- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті
ОҚО-да Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті
«Астана –Тәуелсіздіктің жемісі» атты салтанатты іс-шарада «Бал Текстиль» ЖШС-гі елорданың 20 жылдығына орай бас қаланың ең ерекше тұстары мен әсем ғимараттары бейнеленген кілемдерін ел назарына ұсынды. Отандық өнімдер қойылған көрмеге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Көрмеге қойылған кілемдердің бірқатарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленсе, қалғандарында Астана қаласындағы келбеті келіскен Ақорда, Байтерек, Хан Шатыр, Үкімет үйі, орталық мешіт секілді ғимараттар көрініс тапқан.Кәсіпорын басшылығы арнайы дайындалған 20 кілемді жасап шығуға бір апта уақыт жұмсағанын айтады.
Айта кетейік, бүгінде «БалТекстиль» ЖШС-гі еліміздің тоқыма өнеркәсібін өркендетіп отырған кәсіпорын. Қазіргі таңда мұнда 2 мыңға жуық кілем түрлері шығаралады. Жалпы аумағы 6 гектарды алып жатқан фабрика жылына 5 млн. шаршы метр кілем шығаруға қауқарлы. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінге дейін 9 млн. шаршы метр кілем шығарып, 6 млн шаршы метр пропилендік жіп өндірген.
Сондай-ақ, шара барысында өңіріміздің суретшілері де Тәуелсіздікке деген құрметін фотокөрме арқылы білдірді. Елбасы мен елордадағы көз тартар көркем ғимараттардың фотосуреттері бейнеленген өнер иелерінің туындылары көптің көңілінен шықты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Ұлағатты ұстаз, білікті ғалым және ерекше тұлға -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті