• Басты
  • Маңғыстауда «Шетпе» газ бөлу станциясы іске қосылды
14 Желтоқсан, 2017 11:47

Маңғыстауда «Шетпе» газ бөлу станциясы іске қосылды

Маңғыстауда «Шетпе» автоматтандырылған газбөлу станциясы іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Маңғыстауда «Шетпе» газ бөлу станциясы іске қосылды

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Маңғыстау ауданында болды. Индустрияландыру картасы аясында Маңғыстау облысы әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасындағы үш жақты меморандумға сәйкес, Шетпе ауылына қуаттылығы сағатына – 20 000 м3 газ жеткізетін «Окарем – Бейнеу» магистралды газ құбырынан Шетпе ауылына дейін 90 шақырым қашықтықтан тартылған газ құбыры іске қосылды. Жобаның құны 5,7 млрд теңгені құрайды.  

Осы кезге дейін пайдаланып келген «Жетібай – Шетпе» газ құбырының қуаты сағатына – 5 мың текше метр болып, тек қана Шетпе ауылын толық газбен  қамтуға мүмкіндік берген болатын. Сондықтан жылыту маусымы кезінде газ құбырының жеткіліксіз өнімділігі себебінен ауылдарда газ тапшылығы байқалды. Осыған байланысты, халықтың тұтыну көлемін қамтамасыз ету мақсатында аталған жоба іске асырылып, Жыңғылды, Тұщыбек, Онды, Бекі, Шайыр, Жармыш ауылдарындағы газ тапшылығы жойылды.

«Алдымен, Сіздерді тәуелсіздік күнімен құттықтайын! Қаншама қиын кезеңдер басымыздан өтті. 90 жылдары қалай болып еді?. Қазақстан тәуелсіздігін нығайта білді. Ірі жобаларды жүзеге асырып, әлемдік аренада өз орны бар мемлекетке айналды.  Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің шекарасы нық бекіді. Тұрақтылық болған жерде әлеуметтік сұрақ та, экономикалық сұрақ та шешіледі деп ойлаймын. Мына үлкен жобаның жүзеге асырылуы да тәуелсіздіктің жемісі. Маңғыстау ауданы толықтай газбен қамтылды. Енді тағы да облыстың 5 ауданында және Жаңаөзен қаласында жалпы ұзындығы 1370 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыруға 800 адам жұмысқа тартылды. Нысан пайдалануға берілген соң 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады»,-деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар,  ауыл тұрғындарына  тарту ретінде Шетпе селосында  50 орындық «Дархан» балабақшасы ашылды. Жергілікті кәсіпкердің өз қаражатымен салынған бөбекжай құрылысына 40 млн. теңге жұмсалыпты.  Ауданда соңғы жылдары 5 бірдей жекеменшік білім ошағы ашылған. Бүгінгі жаңа нысанды іске қосу арқылы Маңғыстау ауданында бала бақшамен қамту үлесі 85 пайызға жетіп отыр. 1000 шаршы метр аумаққа орналасқан жаңа мекеме 20 адамды жұмыспен қамтыған.

Әкімдіктен атап өткендей, шағын және орта бизнесті белсенді қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып, аудан тарихында алғаш рет Шетпе ауылынан бұқтырылған ет консервісін шығаратын цех зауыты ашылды. Кәсіпорын тәулігіне 700 -1000 дана мал етінен   бұқтырылған консерві дайындайды. Шаруа иесі «Атамекен» ҰКП  арқылы 10 млн теңге  шағын несие алып және өз қаражаты арқылы цехты ашып отыр.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды