- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстауда мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу жобасына 2,5 млрд теңге бөлінеді
Маңғыстауда мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу жобасына 2,5 млрд теңге бөлінеді
«Осы жылғы бюджет түсімдерінің орындалысы 127 млрд.теңгені құрады. Осыған орай, 2018 жылға облыс бюджетінің кірістері 7% өсіммен 137,2 млрд. теңге көлемінде болжанды. Бұл қаражатқа 15 млрд. теңге көлемінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есепке алынды»,-деді облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова.
Осылайша, 2018 жылға арналған облыс бюджетінің жалпы көлемі 152,2 млрд. теңгені құрайтын болады. Аталған қаражат келесі салаларға бөлінбек.
«Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға 2,5 млрд. теңге қаралып отыр. Қазіргі таңда, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын факторлық-балдық шкала бойынша төлеуге өту жөніндегі жұмыстар жүргізуде. Жалпы, сипаттағы мемлекеттік қызмет үшін болжанған қаржы көлемі 4,6 млрд. тенге», - деді ол.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 5,3 млрд. теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға және лауазымдық жалақыларын көтеруге республикалық бюджеттен 426 млн. теңге қарастырылды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді