ҚР-да құрылыс индустриясындағы өндіріс көлемі екі есеге артты

16 Қаңтар, 2014 09:45
ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғалы құрылыс саласындағы өндіріс көлемі екі есе артты - 2009 жылдағы 175,2 млрд. теңгеден 2013 жылдың 11 айындағы 363,6 млрд. теңгеге дейін (НКИ - 111,6%).

Индустрияландыру картасы төңірегінде 120 астам жоба пайдалануға берілді, 1 млрд. доллар жеке инвестиция тартылды. Осы жобалардың арқасында цемент өндірістерінің өңірлік диспропорциясы және кейбір материал түрлері бойынша импорт тәуелділігі сияқты мәселелер шешілді.

Айта кетерлік, ҮИИДМБ жүзеге асырылғалы цементті, жабындық материалдарды, жылылықты оқшаулайтын материалдарды, пластмассадан жасалған құбырларды, гипс картонын және құрғақ құрылыс қоспаларын отандық өндіру көлемі көбейді. Ішкі нарық тауар бетонымен, бетон бұйымдарымен 100%-ға қамтамасыз етілген, сондай-ақ республиканың гипс картоны мен цементтегі мұқтаждығы өз өнімімен толықтай жабылады.

2009 жылы еңбек өнімділігі бір адам басына шаққанда 13,9 мың АҚШ долларын құрады. Статистикалық мәліметтерге негізделсек, өткен жылдың 9 ай қорытындысы бойынша өнімділік бір адам басына шаққанда 29,5 мың АҚШ долларын құраған.

Бүгін салада 1200 астам кәсіпорын қызмет етуде, осы кәсіпорындарда 36 мың адам жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар