Бас Мүфти: Президенттің барлық бастамаларын қолдаймын

13 Желтоқсан, 2017 19:36
Конституция мен Қазақстан заңдарына бағына отырып, Президенттің барлық бастамасын қолдап,сенімді ақтауға тырысамын, деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы 1975 жылы 12 сәуірде дүниеге келген.

1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған.1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген.2012-2014 жылдары "Нұр Мүбарак" Ислам мәдениеті университетінде "Дінтану" мамандығын тәмамдаған.

2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолына келетін болсақ, Алматы мешітінің наиб имамы,Ислам институтының ұстазы;Ислам институтының ректоры,Астана қаласы Ақмола облысының өкіл имамы,ҚМДБ-төрағасының орынбасары, наиб мүфти;Алматы әкімшілігінің діни бөлімінің сектор меңгерушісі;ОҚО.Сарыағаш ауданының Бас имамы,Мемлекеттік қызмет агенттігінің аға қызметкері,Астана қаласы Әділет департаменті діни істер бөлімінің бас маманы,ҚР Президенті іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. Қажылыққа барған.

2011-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы қызметін атқарды.2013 жылы наиб мүфти болып тағайындалды.2013 жылдың қазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы және наиб мүфти болып қызмет атқарды.

Айта кетейік, 2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланды.

«Маған сенім артқан барша жанға алғыс айтамын. Адам өзінің парызын орындауы керек. Маған бұл жауапкершілік берілген екен, Құранның көмегімен, Конституцияға бағына отырып, Президенттің барлық бастамасын қолдап,сенімді ақтауға тырысамын», - деді құрылтайда жаңа Бас мүфти.

Ал, бүгін  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанның Бас муфтиі Серікбай қажы Оразбен кездесу өткізді. Кездесуде тараптар елдегі діни жағдайды талқылады.

 

 

Барлық жаңалықтар