2017 жылы зейнетақымен қамтамасыз ету шығыны 1,4 трлн теңгені құрады

13 Желтоқсан, 2017 19:48
2017 жылы зейнетақымен қамтамасыз ету шығыны 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады.

1998 жылы зейнетақы жүйесін реформалау басталған болатын. Осылайша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінен бірінші болып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауысты.  

ҚР ЕХӘҚМ мәліметі бойынша, бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінде азаматтардың 9 млн жеке зейнетақы есепшоты бар, оларда 7,4 трлн теңге жинақталған.

Жеке зейнетақы есепшорттырының жұмысы басталғалы салымшылардың  инвестициялық табысы - 2,6 трлн теңгені құрады. 2005-2007 жылдары әлеуметтік реформаларды одан ары тереңдету бағдарламасы жүзеге асырылып, оның нәтижесі бойынша көпдейгейлі зейнетақы жүйесінің негізі қаланды, ол мемлекетпен жұмыс беруші және жұмысшының арасында жауапкершілікті теңдей бөлуге негізделген.

2018 жылға қарай, Елбасының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттырылады. 

Барлық жаңалықтар