- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық кітапханалар жаңа кітаптармен толықты
Астаналық кітапханалар жаңа кітаптармен толықты
Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен оқу орындары кітапханаларының өкілдеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған Алдан Смайылдың «Астана өнер ордалары» мен қазақ, орыс тілінде жазылған Зиябек Қабылдиновтың «Астана тарихы» атты кітаптардың мыңнан астам данасын Ішкі саясат басқармасының Ерлан Каналимов тапсырды.
Оның атап өтуінше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында келесі жылы тағы да 10-15 шақты кітап баспадан шықпақ.
«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындаған міндеттерді жүзеге асырудың шеңберінде көп жұмыс атқарылды. 4-5 айдың ішінде біз біраз шаруа жасадық. Осы бағдарламаның аясында біз Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, Тілдерді дамыту, Білім басқармаларымен бірігіп, келесі жылы тағы да 10-15 шақты өлке тарихы, әр уақыттағы елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның жаңа бейнесі айнасын табатын кітаптарды басып шығаруды мақсат етіп отырмыз. Алдағы уақытта ол кітаптарды тек елорданың кітапханалар жүйесіне ғана емес, мектептер мен колледж, жоғары оқу орындарының кітапханаларына да сыйға тартамыз», - деді Ерлан Каналимов.
Елорда кітапханаларының өкілдері өз кезегінде мұндай акциялардың жоғары маңыздылығын атап өтті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды