ҚР ТЖМ-де бизнеске қысым көрсетуді азайту мәселелері талқыланды

16 Қаңтар, 2014 09:30
Астанада Республикалық дағдарыс орталығында бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту мәселесі жөнінде селекторлық кеңес өтті, деп Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күн тәртібі бойынша Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.С. Құнанбаев баяндама жасады, ол өткен жылмен салыстырғанда 2013 жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер саны 42%-ға азайғанын, бұл ретте болмашы қауіп-қатер дәрежесіндегі кәсіпорындар 4 есе аз тексерілгенін айрықша атап өтті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 103 түрлі рұқсат беру құжаттарының 80-і қысқарды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша мемлекеттік қызметтің 3 түрі халыққа қызмет көрсету орталығы, «электрондық үкімет» веб-порталы мен «Е-лицениялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Сондай-ақ, соңғы үш жылда өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттарының саны шамамен 5 есе азайғанын атап өтті. Өрт қауіпсіздік саласы бойынша мемлекеттік қызметтің 3 түрі халыққа қызмет көрсету орталығы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар тексерулер санын азайтуға мүмкіндік беретін қауіп-қатерлерді басқару жүйесі енгізілді2013 жылы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексерулер саны өткен жылмен салыстырғанда 46%-ға, бұл ретте жоспардан тыс тексерулер 3,5 есе азайды.

Сондай-ақ қарастырылып отырған мәселе бойынша бірқатар ТЖ департаменттерінің бастықтары тыңдалды.

Кеңес соңында ТЖМ-ның комитеттері мен аумақтық органдарына рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау және бизнеске қысым көрсетуді азайту жөніндегі іс-шараларды пысықтау  бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы тапсырма берілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар