• Басты
  • Жаңалықтар
  • Парламент әлеуметтік медсақтандыруды кейінге қалдыру туралы заңды қабылдады

Парламент әлеуметтік медсақтандыруды кейінге қалдыру туралы заңды қабылдады

13 Желтоқсан, 2017 16:41
Мәжіліс депутаттары салық салу мәселелері туралы заңнамалық актілерге және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға өзгертулерді қабылдады.

Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қорының басшысы Елена Бахмутова осыған дейін  заң жобасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды  2018 жылдан  2020 жылға дейін шегеруге қатысты  нормалар бар екенін айтқан болатын.

«Алдағы екі жылда міндетті медсақтандыруға қаржы жұмыс берушілердің төлемі арқылы ғана алынады. Жұмыс берушілерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына  төлем салу  5 пайыздан  3,5 пайызға төмендетіледі. Сәйкесінше, жұмыскер кірісінің  1,5 пайызын жұмыс беруші  әлеуметтік медсақтандыру қорына аударып отырады», - деді ол.

Аталмыш норма  жалдамалы жұмыскерлері  бар  жеке кәсіпкерлерді де қамтиды. Егер жеке кәсіпкер  жұмыскерлерді жалдаса, жұмыс беруші болып саналады, сондықтан   жұмысшылар   кірісінің    1,5 пайызын  төлеуге міндетті.

Қалған төлеушілер, оның ішінде  азаматтық-құқықтық   келісім бойынша жұмыс істейтін  жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар  2018,2019 жылдары төлем салмайды. Мемлекет жауап беретін жеңілдікті төлемдер  де  2020 жылдан басталады.

Барлық жаңалықтар