- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның 150 меджұмысшысы шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырады
ШҚО-ның 150 меджұмысшысы шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырады
«Қазақстанның денсаулық сақтау саласында тәуелсіздік жылдары көптеген дүниелер өзгерді. Бұл дегеніңіз өмір сүру ұзақтығының артуы, ана мен сәби өлімінің төмендеуі, емдеу процесіне жаңа технологияларды енгізу. Сонымен, ана мен сәби өлімін 3 есе төмендетуге қолжеткізілді. Қазақстандықтардың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасты құрады», - деді М. Шоранов.
Оның айтуынша, аймақта онкология, кардиология, босануға көмектесу мен балалық шақ бағыттары бойынша медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және оқыту бойынша үш деңгейлі бағдарлама жасақталып, табысты жүзеге асырылуда.
Бірінші деңгей бойынша, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп өз саласында 1817 медициналық қызметкер оқытылды. Екінші деңгей бойынша, облыстағы клиникалардың базасында қазақстандық және шетелдік жетекші мамандарды тарту арқылы 6 шеберлік-сынып өткізілді.
«Ал, үшінші деңгей бойынша жақында ғана 50 дәрігер мен медбике Ұлыбританиядан келді, онда олар оқудан өтті. Шетелдік клиникаларда 3 жылдың ішінде 150 адамды оқыту жоспарлануда. Шетелде біліктілігін арттырған мамандар жергілікті жерде өз білгендерін әріптестеріне үйретіп, жетекші тәжірибелерді бізге енгізетін болады», - деп сендірді ол.
Медициналық құралдармен жабдықтау бағдарламасы бойынша облыстағы барлық медициналық мекемелерге кешенді аудит жүргізілді. Бүгінде оларда 10 мыңнан астам дана техника бар, оның ішінде 2 мыңы ескірген немесе 17 пайызы.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды -
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор -
Жолдау-2020: Шетелдік сарапшылар не дейді -
Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар шетелдік банктен шот аша алмайды – Расул Медетов