- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Әр ауылға өз шебері» жобасы жүзеге аса бастады
ОҚО-да «Әр ауылға өз шебері» жобасы жүзеге аса бастады
Аталған бағдарлама аясында өңірде облыс әкімдігінің «Әр ауылға өз шебері» жобасы қолға алынған болатын. Соның нәтижесінде әрбір ауданда қажетті деген салаларға мамандар даярлануда.
Мәселен, қазіргі таңда Сарыағаш ауданында 400-ден астам тұрғын 10 түрлі мамандықты игерген. Олардың арасында темір және ағаш ұстасы, сантехник, электрик, тігінші сынды сұранысқа ие мамандар бар. Жаңа кәсіп иелеріне куәліктер салтанатты түрде тапсырылды.
Сондай-ақ, ауданда түлектерге арналып жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан астам жұмыс беруші қатысып, 250-ге жуық жұмыс орны ұсынылған. Айта кететіні, аталған бағдарлама аясында ауданнан 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданыпты. Олар «Әр ауылға өз шебері» жобасы аясында ауданға қажетті деген 38 мамандықты игерген.
Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңға жуығы мамандық иесі атанған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда еңбек нарығына аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған кәсіп иелері жұмыспен қамтылып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді