- Басты
- Жаңалықтар
- Депутаттар өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы мақұлдады
Депутаттар өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы мақұлдады
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға қатысты өзгерістерге толығырақ тоқталайын.Қазіргі Қазақстан экономикасының даму жағдайында бизнесті дамыту үшін өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету, отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық сауда серіктестіктерінің сеніміне ие болу мәселелері басты назарға алынуы тиіс. Бұл қажетті өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету арқылы іске асады», - деді Ж.Қасымбек.
Заң жобасында басты назар шығарылатын өнімнің сапасын жақсартудың тиімді механизмі өлшеу құралдарын калибрлеуді дамытуға және бизнестің дамуына ықпал ететін өндірістік технологияларға аударылады.
«Калибрлеу - өлшеу дәлдігін қамтамасыз ететін икемді және өздігінен реттейтін құрал. Осыған байланысты отандық өндірушілер мен бизнес калибрлеуге көшуге мүдделі. Себебі бұл қажетті өлшеу дәлдігін өздерінің анықтауына мүмкіндік береді», - деді министр.
Алайда, өлшеу құралдарын калибрлеу Қазақстанда кең таралмай отыр. Даму деңгейі төмен.
«Қолданылатын өлшеу құралдарының басым көпшілігі мемлекет тарапынан бақылауға және тексеруге жатады. Бұл мемлекеттік метрологиялық бақылаудың экономиканың барлық салаларында қолданылатын өлшеу құралдарын қамтитынын көрсетеді», - деді Ж.Қасымбек.
Осыған орай, өлшем құралдарын салыстырып тексеруден калибрлеуге көшіру нормасын қарастырдық. Осылайша, бизнес-құрылымдардың қатысуымен салалық мемлекеттік органдар қалыптастыратын өлшем тізімдері енгізіліп отыр.
«Осы Өлшем тізіміндегі өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізіледі, ал қалғандары ерікті түрде калибрленеді», - деді министр.
Министр айтқандай, бұл бизнестегі әкімшілік қысымды азайтады және мемлекеттік бақылаудың ашықтығын қамтамасыз етеді (өйткені, осы Тізімдегі өлшеулер ғана мемлекет тарапынан реттеледі және бақыланады).
Парламент Мәжілісінің Пленарлық отырысы барысында депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Стандарттау туралы» жаңа заң жобасын таныстырды.Оның айтуынша, қазіргі уақытта техникалық реттеу жүйесінен стандарттаудың жекелеген қоғамдық қатынас салаларына кешенді түрде көшу қажет.
Ақбота Күзекбай
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес