- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» Қоры мен Азия Даму Банкі 72 млрд теңге сомасындағы қарыз туралы келісімге қол қойды
«Даму» Қоры мен Азия Даму Банкі 72 млрд теңге сомасындағы қарыз туралы келісімге қол қойды
«Кепілдік Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар арқылы микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру» жобасы бойынша қаулысының негізінде берілді»,-дейді Дәулет Әбілқайыров.
Спикерлердің айтуынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен әріптестіктің арқасында АДБ заемы ұлттық валютада беріледі. Бұл – кәсіпкерлердің валютаға қатысты тәуекелдерін азайтады. Яғни, ақша банкке теңгелей салынып, борышкерлер де қаржыны теңгелей алады.
«Бүгінгі күні Қор «ЦентрКредитБанкі» және «Нұрбанкпен» несие келісіміне қол қойды. Алдағы уақытта «Kassa Nova банкі» мен «Forte Bank» және «KMF» микроқаржы ұйымымен жалпы сомасы 48 млрд теңгеге келісімге қол қойылады»,-деп жеткізді Д. Әбілқайыров.
Спикерлер қаржыландыру талаптарына да тоқталды. Банктер бұл қаражатты экономиканың барлық салаларындағы микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толтыру, негізгі құралдарды жаңарту секілді істерге жұмсай алады. Сондай-ақ басқа банктен алған несиелерді қайта қаржыландыруға да мүмкіндік беріледі. Қаражат бір борышкердің қолына 1 млрд 80 млн теңгеге дейін, жылына 15% пайыздан аспайтын етіп, 36 айға дейін берілмек.
«Даму» қоры бұған дейін де АДБ дан 2011,2014,2015 жылдары үш кезеңге бөліп, 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі заемды мемлекет кепілдігімен алған болатын. Қарыз салалық шектеусіз берілген болатын.
Есбол Социалхан
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері