Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам әкім есебі өткізілді

16 Қаңтар, 2014 09:15
ШҚО барлық деңгейдегі әкімдердің дәстүрлі есептік кездесулері басталып кетті. Бүгінге дейін аймақтың 70 астам елді-мекенінде ауыл әкімдері жұртшылық алдында есеп берді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

«Биылғы әкімдер есебінің ерекшелігі бар. Себебі былтыр сайлаудан өткен 252 әкімнің 27 пайызы жаңадан сайланғандар.Шығыс Қазақстанда әкімшілік корпусына сайланған әкімдердің 225-і селолық округтерді, 21-і кенттерді, 6-уы - аудандық маңызы бар қалаларды басқарады. Олардың кандидатурасына аудандық маслихаттар депутаттары елдің пікірін ескере отырып дауыс берген», - делінген хабарламада.

Ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесуінің бірі облыстағы Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округінде өтті. Жергілікті әкім Нұржан Папышев қызметіне кіріскенде тұрғындар тарапынан көтерілген 3 мәселе көтерілген. Атап айтқанда, ауылға «Отау ТВ» телевизиялық желісін орнату, қаңғыбас иттердің қауіп төндіре бастауы, кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмекпен қамту. Бүгінде бұл мәселелер толық шешімін тапқан.

Кезінде қаңырап қалған елді-мекен қалпына келтірілген. Бүгінде Бозанбай ауылы ауданындағы 3 тірек елді-мекеннің бірі.  Ауылдық округте жұмыссыздық деңгейі 4% құрайды. Былтыр 150 адам жұмыспен қамтылған.

Қаңтардың 8 күні  басталған ауылдық округ әкімдері есебінен соң аудан, қала әкімдері тұрғындармен жүздеседі. Есептік кездесуді облыс әкімі қорытындылайды.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар