- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында қазақ тілін меңгергендер саны артты
Ақтөбе облысында қазақ тілін меңгергендер саны артты
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері арасында «Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыбында облыстық форум ұйымдастырды.
Мемлекеттік тілді насихаттағаны және қызмет ету саласын кеңейткені, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің жанындағы колледждің құжаттану және мұраған ісі бөлімінің оқушысы Мария Гельтман, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқушысы Олеся Щербовая, қалалық балалар стоматологиялық емхана дәрігері Андрей Самаров, Мұғалжар ауданының № 3 Қандыағаш қалалық орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Инна Ведюшкина, қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Олеся Зарипова алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Бүгінгі күні облысымызда қазақ ұлтының үлесі 80 пайызды құрайды, мұнда 86 ұлт өкілі тұрады. Салыстырмалы талдау мемлекеттік тілді меңгерген адамдардың саны артып келе жатқандығын көрсетті. Қазақ тілін меңгерген халық үлесі 81,5 пайызды, орыс тілін меңгергендер 91,7 пайызды, ағылшын тілін меңгергендер 27,3 пайызды құрады. 3,5 пайыз ақтөбеліктер үш тілді меңгерген.
Мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік тілді қолдану деңгейін бақылау нәтижесінде 2012 жылы шығыс құжаттардың үлесі 98 пайызды құрады. Бүгінгі күні балалар бақшасына баратын 80 пайыз бөбектер мен орта мектеп оқушыларының 75 пайызы қазақ тілінде білім алып, тәрбиеленеді.
Өзге ұлт өкілдері үшін ана тілін және мемлекеттік тілді меңгеруде барлық жағдайлар жасалған. 2012 жылы тілдерді меңгеруге ниет танытқан 404 адамға оқу курстары ұйымдастырылды, бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 5 млн 500 мың теңге бөлінді», - дейді Қайрат Сұлтаналин.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр