- Басты
- Жаңалықтар
- Прагадағы бизнес-форумға Қазақстан мен Чехияның 100-ден астам бизнес өкілі қатысты
Прагадағы бизнес-форумға Қазақстан мен Чехияның 100-ден астам бизнес өкілі қатысты
Форумды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда палатасы және ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды. Форумға Қазақстан мен Чехияның 100-ден астам бизнес өкілдері қатысты.
Бизнес-форум аясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, өнеркәсіп, сақтандыру және сауда сияқты бағыттар талқыланды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиыров атап өткендей, Қазақстанда қолайлы инвестициялық жағдай жасалған. Транзит, машина жасау, энергетика, инновация және ауыл шаруашылығы ынтымақтастықтың перспективалы салаларына жатады.
Чехия Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Йиржи Колиба Қазақстан мен Чехияның тауар айналымы биыл 9 айда 500 млн. АҚШ долларын құрап, 121%-ға өскенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы мен ТМД елдерінің Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында Чехия мен Қазақстан Республикасының іскерлік кеңесін құру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл меморандум қолданыстағы коммерциялық келісімдерді жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруға және келешегі бар салаларды дамыту үшін жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов қазақстандық тараптың чех инвесторларына және кәсіпкерлеріне серіктестер іздеуге көмектесуге дайын екенін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты іскерлік кездесулер өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды