- Басты
- Жаңалықтар
- Стандарттау бойынша ұлттық орган қосымша шығынды қажет етпейді – Ж.Қасымбек
Стандарттау бойынша ұлттық орган қосымша шығынды қажет етпейді – Ж.Қасымбек
Отырыста министр атап өткендей, бүгінде жұмыс істеп жатқан Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты Ұлттық орган ретінде белгіленетін болады.
«Ұлттық органнның стандарттау бойынша сәйкесінше біліктілігі болады. Осы заң шықнаннан кейін Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты Стандарттау бойынша ұлттық орган ретінде белгіленеді деген ойдамыз. Бүгінде институттын өзінің штаты, қаржысы бар, сондықтан шығын болмайды деген ойдамыз», - деп атап өтті ҚР ИДМ басшысы.
Жалпы, Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, бүгінде қоғамдық қарым-қатынастың жеке саласына техникалық реттеу жүйесін стандарттау бойынша кешенді шаралар керек. Техникалық реттеу мен стандарттау екі түрлі заң актілерімен анықталып, көрсетілуі керек.
«Германия, Ұлыбритания, Испания, Австрия, Норвегия және Қытай сияқты елдерде «Стандарттау туралы» заңдары қолданыста. Ресей Федерациясы, Еуразиялық экономикалық одағы бойынша Қазақстанның серіктесі болып табылып, ұқсас жол бойынша дамып келеді. Онда «Стандарттау туралы» Заң 2015 жылдан бері қолданыста», - деді ведомство басшысы.
Осы ретте, министр Ұлттық органнның рөлін түсіндіріп кетті.
«Стандарттар қабылдау процесі қажеттікті талдау кезеңінен оларды практикалық тұрғыдан енгізуге дейін құралған, онда процестің жалғыз операторы болып табылатын Ұлттық стандарттау органына түйінді роль берілген. Қазақстандық модельді үйлестіруді «мемлекет-бизнес-тұтынушы» «тең құқылы» құқықтық қарым-қатынастармен ұлттық стандарттау жүйесін құрудан көріп отырмыз. Осы үлгімен мемлекет өзіне техникалық саясатта тікелей қауіпсіздікпен байланысты мәселелерге ғана әкімшілік тұрғыдан кірігу өкілеттігін қалдырады.», - деп атап өтті Ж. Қасымбек.
Ол атап өткендей, ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, Ұлттық орган барлық мүдделі тараптардың тең құқылығы қағидаты негізінде стандарттар қабылдау үшін жағдай жасауы тиіс.
«Оның нәтижесі ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге түсіп, сенім тудыруға мүмкіндік беретін стандарттар орын алуы керек», - деп түйіндеді министр.
«Стандарттау туралы» заңжобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.
Естеріңізге сала кетейік, Палата Спикері Нұрлан Нығматулин стандарттау туралы заңнамадағы нормалардың мақсаттылығы мәселесін көтерді
Ақбота Күзекбай
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар