- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин стандарттау туралы заңнамадағы нормалардың мақсаттылығы мәселесін көтерді
Н.Нығматулин стандарттау туралы заңнамадағы нормалардың мақсаттылығы мәселесін көтерді
Онда халық қалаулылары заң жобасының 14-бабына назар аударды. Онда стандарттау жөніндегі құжаттарды заңды және жеке тұлғалардың таратуы ұлттық стандарттау органымен келісім болған кезде жүзеге асыру мүмкіндігі айтылған.
Осы ретте депутаттар тарапынан делдалдар саны өсіп, ол стандартқа қолжетімділік қызметінің қымбаттауына жол ашуы мүмкін деген қауіп айтылды. Сондай-ақ, заң жобасында стандарттау туралы Ұлттық органмен келісім-шарт жасасу үшін заңды және жеке тұлғаларға қойылатын талаптар нақты көрсетілмеген.
Мәжіліс Төрағасы аталған бапта қалыптастыруды, жүргізуді және сүйемелдеуді ұлттық стандарттау органы жүргізетін нормативтік техикалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына назар аудара келіп:
«Аталған ақпараттық жүйені жалпыға ортақ қолжетімді етуге не кедергі болып отыр? Әрине, стандарттау институты одан түскен қаржымен ақпараттық жүйені жүргізу бойынша шығындарын жабатыны түсінікті. Алайда, оны тарату үшін арада делдалдың болуы қандай қажеттіліктен туып отыр? Оның үстіне заң жобасында оларды таңдау бойынша, қызмет құны бойынша, тіпті, ақпараттардың шынайылығына жауапкершілік турасынан ешқандай өлшем, талап белгіленбеген»,-деді Нұрлан Нығматулин.
«Жұмыс тобы екінші оқылымға дейін осы бапты қарап, маңыздылығына қатысты нақты шешім қабылдауы керек»,-деді Мәжіліс Төрағасы.
Айта кетейік, заң жобасының негізгі мақсаты субъектілердің және олардың стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыру процесіндегі қатынастарының жиынтығы ретінде ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыру болып табылады, онда стандарттаудың мақсаттары, қағидаттары, стандарттау субъектілерінің құзыреті мен олардың өзара іс-қимыл рәсімдері нақты айқындалған.
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу