«Рух» халықаралық әдеби байқауы қорытындыланды

13 Желтоқсан, 2017 10:12
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі онлайн режимде «Әдебиет порталында» өткізген І «Рух» халықаралық әдеби байқауы қорытындыланды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған міндеттердің бірі - «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының идеясымен жүзеге асып жатқан «Рух» халықаралық әдеби конкурсы – Қазақстанның мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі. Сондай-ақ ол қазақ және қазақстандық әдебиеттердің халықаралық деңгейде танытуға, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген мақсат-міндеттерді ілгерілетуге ықпал етеді.

Байқау ұйымдастырушылары және әділқазы мүшелері байқауға қатысқан талантты ақын-жазушылардың қай елден өтінім бергендері, үздік жұмыстарды таңдауда қандай талаптар қойылғандығы және де байқау жеңімпаздарының жұмыстарымен қай жерлерден танысуға болатындығы жайлы айтып береді.

Естеріңізге сала кетейік, әр номинация бойынша бірінші орынға құрмет дипломы және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай қаржы беріледі. Гран-При иегері құрмет дипломымен және 2 000 000 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Сонымен,  І «РУХ» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсім Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өтті. 

Қазылар алқасы келесі тараптарды үздік деп таныды:

Проза: роман, повестьаталымында

            1-орын– Ырысбек Дәбейұлы, Алматы қ.

            Гран-при - Тынымбай Нұрмағамбетов, Алматы қ.

Проза: әңгіме, эссе аталымында

            1-орын- Ұларбек Нұрғалым, Астана қ.

            Гран-при - Несіпбек Дәутайұлы, Жамбыл обл.

Поэзия: поэма аталымында

            1-орын– Несіпбек Айтұлы, Астана қ.

            Гран-при - Бақыт Беделхан, Алматы қ.

Поэзия: өлеңдер жинағы  аталымында

            1-орын – Рауза Хузахметова, РФ, Татарстан респ.

            Гран-при - Ықылас Ожайұлы,Астана қ.

Үздік драматургия аталымында

            1-орын – Ардақ Нұрғазы, Алматы қ.

            Гран-при -Серік Асылбекұлы, Алматы қ.

Әдеби сын аталымында

            1-орын –Бекзат Смадияр, Алматы қ.

            Гран-при -Амангелді Кеңшілікұлы,Астана қ.

Балаларға арналған поэзия аталымында

            1-орын –Құл-Керім Елемес, Алматы қ.

            Гран-при– Серікбол Хасан,  Алматы қ.

Балалар  прозасы аталымында 

            1-орын – Лиля Калаус, Алматы қ.

            Гран-при– Айсұлу Алмаш,Астана қ.

Барлық жаңалықтар