- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ жаңа басшылығының алдындағы міндеттерді белгіледі
Б. Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ жаңа басшылығының алдындағы міндеттерді белгіледі
Бақытжан Сағынтаев жаңа басшылыққа Холдингтің алдында тұрған бірқатар міндеттерді, оның ішінде Мемлекет басшысының қойған мақсаттарына қол жеткізу, сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы Жол», «Бизнестің жол картасы» және «Нұрлы жер» мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларының қаржы операторы функциясын тиімді орындау туралы міндеттерін белгіледі.
Айдар Әріпханов 1974 жылы дүниеге келген. 1995 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2008 жылы – Колумбия университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист, мемлекеттік басқару магистрі.
Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында бастаған. 2004–2006 жылдары қаржы вице-министрі қызметін атқарған.
2006-2007 жылдары түрлі қызметтер атқарған: Премьер-Министрдің Кеңсесі басшысының орынбасары, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, Премьер-Министрдің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2015-2017 жылдары ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеді.
2017 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Соңғы үш ай бойы басқарма төрағасының міндетін атқарды.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы экономиканы әртараптандыру және ұлттық даму институттарын басқару сапасын арттыру үшін қаржыландырудың мемлекеттік емес көздерінің үлесін айтарлықтай ұлғайту арқылы инвестицияларды белсенді түрде тарту мақсатында 2013 жылы құрылған. Директорлар кеңесін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев басқарады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді