- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы 100 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдардамасына қатысты
2013 жылы 100 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдардамасына қатысты
Бағдарламаға қатысушылардың жартысынан астамы, яғни 29 жасқа дейінгі 56 079 адам еңбек ынталандыру курсына жауап береді және өндіріске жастардың белсенді тартылуына бастама болды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаға 50 764 әйел азаматшалар қатысты.
2013 жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Инфрақұрылым мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды» жүзеге асыру аясында жаңадан құрылған жұмыс орындарына 22 898 адам орналасса, соның ішінде 12 385-і бағдаррлама қатысушылары болып табылады. Жалпы есеппен 2013 жылы қала мен ауылдарда инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша 1714 бағдарлама іске асырылды.
Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік пен тірек ауылдарды дамыту есебінен жұмыс орындарын құру» бойынша 2013 жылғы нәтиже төмендегідей көрсеткішке ие. Өз кәсіптерін ашуға немесе оларды кеңейту мақсатында шағын несие алған кәсіпкерлердің саны 111 782 адамды құрады. Осының арқасында қосымша 9 169 жұмыс орны ашылды. 10310 адам бизнес негіздері бойынша аз уақыттық тегін курстан өтті.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты «Жұмыс берушінің сұранысына қарай қайта оқыту немесе қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтуға ықпал ету» бойынша 2013 жылы 48 566 адам оқытудан өтті. Соның ішінде 23 810 бағдарлама қатысушысы оқуды аяқтап шықты. Оқуды тәмамдағандардың 22 828-і жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 24 257 бағдардаманың үшінші бағытына қатысушы адам әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталса, 23 499 адам жастар тәжірибесіне аттандырылды. Қоныс аудару бойынша 4 862 адам экономикалық болашағы жоқ ауылдардан көшіп кетті. Олар жоғарғы әлеуетті елді-мекендерде жаңа баспанаға қол жеткізіп, жаңа жұмысқа орналасты.
Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында орындалып жатқан шаралар елдегі өзге де жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен біріге отырып елдің еңбек нарығына оң өзгерісін әкелуде. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы елімізде жұмыссыздық 5,2 пайызды құраған.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар