- Басты
- Жаңалықтар
- Төле би ауданында 480 отбасы баспаналы болды
Төле би ауданында 480 отбасы баспаналы болды
Көп қабатты тұрғын үйдегі пәтердің кілті «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша төлебилік 480 отбасыға берілді. Жаңа қоныс Төле би ауданы, Ленгір қаласының 1-ші мөлтек ауданында бой көтерген.
Салтанатты шараға облыс басшысы Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов бастаған халық қалаулылары қатысты.
Тұрғындарды арнайы мерекемен құттықтай келген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев пәтер кілттерін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға салтанатты түрде табыс етті.
«Біздің басты міндетіміз — халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сапалы қызмет көрсету. Облыс, аудан орталықтарында, елді мекендерде тұрғын үйлер салынып жатыр. Соның бір дәлелі - бүгін Сіздердің аудандарыңыздағы 8 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 480 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, қуанышқа бөленіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық елді мекендерде Елбасымыздың «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында және жергілікті, облыстық бюджет есептерінен жалғасын таба бермек», - деді әкім.
Толе би ауданы тұрғын үйлердің құрылысына 2016-2017 жылдары облыстық бюджеттен 2 млрд. 735 млн. 406 мың 084 теңге қаралып, бүгінде толығымен игеріліп отыр. Нәтижесінде 29 264 шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілді.
Қазіргі таңда коммуналдық тұрғын үй кезегінде ауданда жалпы 2961 адам кезекке тіркелген. Олардың ішінде 1676 адам халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы, 345 азамат жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тізімінде болса, 940-ы мемлекеттік пен бюджеттік қызметкерлер тізімінде тұр.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру