- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Ұлыбританияға жасаған экспорты 8,2 пайызға артты
Қазақстанның Ұлыбританияға жасаған экспорты 8,2 пайызға артты
Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Біріккен Корольдіктің халықаралық сауда жөніндегі министрі Марк Гарнье.
Сонымен қатар, Үкіметаралық кеңеске Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Ыдырысов пен Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браун қатысты.
Отырыс қатысушылары сауда мен инвестиция, авиация, қаржылық қызмет, мұнай мен газ, жер қойнауын пайдалану және тау-кен металлургия, білім, ғылым мен технология салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Үкіметаралық комиссияның қорытындысы бойынша, тараптар инновация мен технология саласы бойынша 1 үкіметаралық және 2 коммерциялық келісімді қосқанда 3 құжатқа қол қойды.
«2016 жылы экономиканы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Өткен жылы кен өндіру 2,9 пайызға артып, 28,3 млн тоннаны құрады, өндіріс 9,2 пайызға артып, 4,3 млн тоннаны құрады. Химия өндірісі 22 пайызға артып, 3,1 млн долларды құрады», - деді Ж.Қасымбек.
2017 жылы Қазақстан-Британия ынтымақтастығының оң көрсеткіштер байқалды: биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша Қазақстаннан Ұлыбританияға деген экспорт 8,2 пайызға артып, 720 млн долларды құрады.
Сондай-ақ, 2016 жылдың қараша айында Лондонда өткен үшінші үкіметаралық отырыста қол жеткізілген келісімдердің орындалуына талдау жасалды.
Инновация мен технология, жер қойнауын пайдалану, кәсіптік білім, атом энергетикасы және МЖӘ жобалары ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары болып белгіленді.
Делегация басшысы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек британдық компания басшыларымен және үкіметаралық кеңестің тең төрағасы министр Марк Гарньемен екі жақты кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, Лондонда Үкіметаралық кеңес аясында Қазақстан-Британ іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - халықаралық қоғамдастыққа ұлттық компаниялардағы оң өзгерістердің динамикасы туралы айту, сондай-ақ, британдық компанияларға Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыру.
Іс-шараға қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ сияқты ірі ұлттық компаниялардың негізгі қызметімен танысты. Басшылары компаниялардың бәсекелестік артықшылықтары туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, өңірлік және жаһандық деңгейде бизнесті дамыту жөнінде алдағы жоспарларымен таныстырды.
Үкіметаралық кеңес 2013 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді. Ол сауда, инвестиция, энергетика, білім беру және қаржылық ынтымақтастық салалар бойынша 4 жұмыс тобынан тұрады. Тараптар сондай-ақ, 2018 жылдың екінші жартысында үкіметаралық кеңестің келесі отырысын өткізуге келісті.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты