- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қарулы Күштерінде мамандық бойынша дайындық басталды
Қазақстанның Қарулы Күштерінде мамандық бойынша дайындық басталды
Мамандық бойынша дайындық жеке құрамның атқарып отырған лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерді, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтиды.
Дайындық барысында жеке құрамның қару мен жауынгерлік техниканы қолдануды білулеріне, штаттық байланыс құралдарында жұмыс жасай білу және алғашқы медициналық көмек көрсете білулеріне ерекше назар аударылатын болады. Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларында мамандық бойынша дайындық әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері және сержанттарының басшылық етуімен өткізілуде.
Сабақтарды сапалы өткізу үшін әрбір есепке алу мамандығы бойынша оқу топтары құрылды және анағұрлым дайындалған әскери қызметшілерден нұсқаушылар айқындалды. Мамандық бойынша дайындық барысында оқу тренажерлары мен полигондарда орындалған практикалық сабақтар мәселелеріне жеке көңіл бөлінетінін айта кету қажет.
Мамандық бойынша дайындық аяқталысымен оқу материалының игерілу деңгейін анықтау мақсатында оқып-үйренуші әскери қызметшілермен негізгі оқыту пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізіледі. Мамандық бойынша барлық санаттағы әскери қызметшілердің дайындығы 2018 жылғы 5 қаңтарда аяқталады.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары