Қ.Тоқаев ИЫҰ-ның төтенше саммитіне қатысады

12 Желтоқсан, 2017 19:12
Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Түркия Республикасының Президенті, ИЫҰ-ның қазіргі Төрағасы Реджеп Тайып Эрдоганның бастамасымен шақырылған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының төтенше саммитіне Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

СІМ хабарлағандай, саммит 13 желтоқсанда Ыстанбұлда өтеді. Саммиттің күн тәртібіне «Иерусалим қаласының мәртебесі туралы» мәселе қойылған.

ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысады.

 

Барлық жаңалықтар