- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңды іске асыру мәселелерін талқылады
Сенаторлар экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңды іске асыру мәселелерін талқылады
Комитет хатшысы Дархан Кәлетаев отырысты аша келіп, бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қысқа мерзімде әзірленіп, қабылданғанын атап өтті.
«Еліміз қауіпсіздігінің заңнамалық негіздерін нығайту Парламент жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы саладағы заңнамалық негіздерді жетілдіру бұл зұлматпен нәтижелі күрестің кепілі бола алмайтынын түсіну аса маңызды. Заңнамалық негіздерді жетілдірумен қатар тиісті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың, азаматтық қоғамның арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелерінің маңызы зор», - деп атап өтті ол.
Сенаторлар заң ережелерінің тиімді орындалуына, қойылған міндетті шешудегі мемлекеттік органдарды үйлестіруге, діни экстремизм мен терроризмді ескерту және жолын кесу жөніндегі ұйымдастыру және іс жүзіндегі шараларды қабылдауға қатысты бірқатар сауалдар қойды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасары Нұрғали Білісбеков баяндама жасады. Ол елімізде тұрақтылық қамтамасыз етілгені, террористік және экстремистік оқиғаларға жол берілмегені, 2017 жылы террористік сипаттағы 11 зорлықшыл оқиғаның алдын алынғаны туралы хабардар етті.
Ішкі істер министрлігі экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент бастығы Атығай Арыстанов министрлік экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қосымша жүйелі шаралардың кешенді жоспарын қабылдағанын айтты.
«Қойылған міндетті шешу аясында 2016 жылғы желтоқсанда ішкі істер органдарына тергеуге жатқызылған террористік қылмыстардың жолын кесу жөніндегі тәжірибе қалыптасты. Биыл экстремизм және терроризм көріністеріне байланысты 322 дерекке, оның ішінде терроризмді насихаттау жөніндегі 27 құқық бұзушылыққа сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сондай-ақ қылмыс және радикалдық ортаның өкілдерінің өрістеуіне жол бермеу жөніндегі нысаналы шаралар жүзеге асырылып келеді. Биыл пайдакүнемдік-зорлықшыл қылмыстарға маманданған және теріс ағымдарды жақтаушылардан тұратын 22 қылмыстық топ топ ұсталды», - деді А.Арыстанов.
Ол бүлдіргіш ағымдарды жақтаушылардың құқыққа қарсы істерінің алдын алу және жолын кесу жөніндегі жұмыстарға жергілікті полициямен қоса барлық ішкі істер бөлімшелері тартылғанын атап өтті. Сенаторлар Н.Нұрсипатов, С.Жақсыбеков, Т.Мұсабаев, Т.Мұқашев осы саланы жетілдіру жөніндегі өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты.
Атап айтқанда, діни терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылға, «Қазақстан кибер қалқаны» жүйесін іске асыруға, қару-жарақ дүкендерінің қызметіне қатысты мәселелер айтылды. Депутаттар өз ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдарға жіберетін болды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы