- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік бюджетке 6,3 трлн теңге кіріс түсті
Мемлекеттік бюджетке 6,3 трлн теңге кіріс түсті
«Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджет шығыстарының таза өсімі 815 млрд.теңгені құрады. Бюджет қаражатын игеру мәселелерін қадағалау бырысында ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап 7 селекторлық кеңес өткізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде шығыстардың игеру проценті жоғары болады деп күтілуде», - деді Б.Сұлтанов.
Министр айтқандай, бюджеттің атқарылуын бақылау барысында превентивтік шаралар кеңінен қолданылды.
«Енді, бюджеттің атқарылуының көрсеткіштеріне толығырақ тоқталып өтейін.Мемлекеттік бюджетке 6,3 трлн.теңге кірістер (трансферттерсіз) түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша артығымен орындау сомасы 153 млрд.теңгені, республикалық бюджет бойынша – 71 млрд.теңгені және жергілікті бюджет бойынша – 82 млрд.теңгені құрады», - деді министр.
Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджет кірістері 102,5%-ке, республикалық бюджет кірістері – 101,6%-ке және жергілікті бюджет кірістері – 104,5%-ке атқарылды.
«Республикалық бюджетке жыл қортындысы бойынша 4 989,6 млрд.теңге түсуі болжамдалып отыр. Бұл 100,7%-ті құрайды, яғни жоспардан 36,8 млрд.теңге артық түседі. Шығыстар бойынша орындалу проценті өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда жақсы. Мемлекеттік бюджет бойынша өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 0,7%-ке, республикалық және жергілікті деңгейде 0,4%-ке жақсы орындалды», - деді Б.Сұлтанов.
Министр айтып өткендей, жалпы мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары 98,6%-ке және жергілікті бюджеттердің шығыстарны 97,0%-ке атқарылды.
«Республикалық бюджеттің шығыстары 10 157,6 млрд.теңгеге қаржыландырылды. Атқарылмаған сома 148,5 млрд.теңге, оның ішінде бюджеттік қаражаттың үнемі – 12,8 млрд.теңге. Игерілмеу – 135,7 млрд.теңге.Негізгі себептері: өнім берушілердің шарт міндеттемелерін орындамауы; өтпеген конкурстар; төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауына немесе берілмеуіне байланысты, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жүргізу кестесінен қалыс қою», - деді Б.Сұлтанов.
Ақбота Күзекбай
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары