- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жаңа газ тарату станциясы іске қосылды
Ақтөбе облысында жаңа газ тарату станциясы іске қосылды
АГТС-30 іске қосуға арналған салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірде халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қол жеткізген келісімдер нәтижесінде «Қаз Транс ГазАймақ»АҚ өңірді газдандыру үшін 20 млрд. теңге бөлді. Қабылданған шаралар нәтижесінде Ақтөбе, Алға және Қандыағаш қалаларында АГТС тұрғызылып, 10 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. Осы жұмыстардың арқасында облысты газбен қамту 87% құрады»,-деп атап өтті Б.Сапарбаев.
Аталмыш жоба облыс әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасындағы қол қойылған меморандум нәтижесінде жүзеге асырылды. Жаңа АГТС-30 Алға қаласындағы осы уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған станция жұмысын жеңілдетіп, қуаттылығын арттыруға және Алға ауданындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік, өнеркәсіп нысандарына көгілдір отынның үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Станцияның қуаттылығы қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған нысандарды табиғи газбен қамтып қана қоймай, болашақта да газ таратуға жеткілікті.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Бақтияр Ізбасаровтың мәліметінше, жалпы, Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту аясында 600 мың метр құбыр пайдалануға беріліп, 700 зауыт пен өнеркәсіптік нысандары және 5,5 мың тұтынушы көгілдір отынға қол жеткізді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр