Ақтауда МЖӘ аясында жауынгерлік өнер Академиясы ашылды (ФОТО)

12 Желтоқсан, 2017 09:12
Ақтауда «Lions Fight Club» жауынгерлік өнер Академиясының салтанатты ашылуы өтті. Ол мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылып отырған жоба, деп хабарлады Маңғыстау облысының баспасөз қызметі.

Қызыл лента кесілген соң, таэквондошылар мен  каратистер, боксшылар мен күресшілер   өз өнерлерін көрсетті.

Жеке  кәсіпкер Аманжол Жанабай  айтып өткендей, жобаны жүзеге асыру  үшін  «Даму»   кәсіпкерлікті қолдау  қоры   арқылы  «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында  субсидиялау ставкасының әдістері  қолданылды. Әлеуметтік нысанды салуға  6 ай кетті. Спортзал  қазіргі заманғы қондырғылармен толық қамтылған.

«МЖӘ тетігі жұмыс істейді. Мен мемлекеттен уақытша қолдана тұру үшін жер учаскесін   15 жылға  алдым. Спортзалға күн сайын  350 адамға дейін келе алады. Спортшыларды күрестің түр-түріне машықтандырамыз: джиу-джитсу, грэпплинг, тхэквондо, каратэ-до, карате-кёкусинкай, кик-бокс, тай боксы, дзюдо, еркін күрес, бокс, самбо және  ММА», - деді Аманбай жанабай. 

Барлық жаңалықтар