- Басты
- Жаңалықтар
- Бас редакторлар клубы жемқорлықпен күрестегі БАҚ-тың рөлін талқылады
Бас редакторлар клубы жемқорлықпен күрестегі БАҚ-тың рөлін талқылады
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа және діни экстремизмге қарсы әрекет ету барысындағы ақпарат тарату жұмыстары, БАҚ пен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің ролі, халыққа ақпарат таратудың тиімді жолдары, БАҚ пен билік өкілдерінің арасындағы іскерлік қарым-қатынасын нығайту секілді тақырыптар талқыланды.
Жиында Бас редакторлар клубының президенті Ерлан Бекхожин жемқорлықпен күресу жолдарындағы Бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне тоқталып, журналистік зерттеулер жүргізу арқылы бұл мәселелерді барынша жан-жақтылы хабарлап отыруды ортаға қойды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әлішев министрлік пен комитет тарапынан істеліп жатқан жұмыстар төңірегінде тоқталды.
«Жемқорлық мәселесі мұндай дөңгелек үстелде ғана айтылып, халыққа жетпей жатыр. Бізде ашықтық болуы керек. Қанша министр сотталғанымен онымен мәселе шешілмейді. Мәселе министрді соттауға дейін жеткізбеу арқылы шешіледі. Оның барлық іс-қимылдары, жұмыс бағыттары халық алдында ашық болуға тиісті. Халық қадағалап отыра алатын болуы керек. Сонда ғана шенеунікті сотталатын дәрежеге дейін жібермейді. Біздің осында айтылып жатқан сөздеріміз де, биліктің сөздері де қарапайым халыққа түсінікті түрде ашық жеткізіліп отыруы керек» ,-деді Бас редакторлар клубының құрметті мүшесі Кенжеболат Жолдыбай.
Сонмен қатар «Qamshy.kz» ақпараттық агенттігінің Бас редакторы Қуаныш Біләл сөз алып, соңғы кездегі министрлік тарапынан болып жатқан көңіл бөлулер мен ашықтықты жоғары бағалады.
Журналитс, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті Қанат Әуесбай халыққа толықтай ақпарат жетпей жатуының себебін ресми ақпараттардың басым бағыты орыс тілінде екеніне аударды.
«Қазір елімізде қазақ тілді жастар өте көп, мемлекеттік тілдің қолданысы артқан. Сондықтан да олар осы мәселені талап етелді. Бұған дейін де айтылған, шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі осы»,- дейді ол.
Шараға басқа да БАҚ жауаптылары мен тұлғалар қатысып, тақырып бойынша ойларын ортаға салды.
Есбол Социалхан
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді