- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
Елбасы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы еліміздегі құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту үдерісіне тоқталып, бұл жүйеде кадрлық өзгерістер жасаудың қажеттілігін атап өтті.
«Игорь Рогов зейнет жасына жетті. Заңнамаға сәйкес ол атқарып отырған қызметінен босатылды. Сіңірген еңбегі мен атқарған жемісті жұмысы үшін оған алғыс айтамын. Конституциялық Кеңестің төрағасы болып Қайрат Әбдіразақұлы Мәми тағайындалды», – деді Елбасы.
Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Мәмиді Жоғарғы Сот төрағасы лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізіп, бұл қызметке Жақып Асановтың кандидатурасын ұсынды.
«Бұл кездейсоқ таңдау емес. Біз жаңа заңның қабылдануына байланысты сот-құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың келесі кезеңіне қадам бастық. Сондықтан сот органдарының жаңа басшысы оны тиімді әрі жылдам іске асыруды қамтамасыз етуі керек. Нәтижесінде Қазақстандағы сот төрелігі неғұрлым дамыған әрі әділетті болуға тиіс. Жақып Асановтың кандидатурасы осы жоғары талаптарға толық сай келеді деп ойлаймын», – деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан Президенті Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған кандидаттың жеке қасиеттері мен кәсіби машықтарын атап өтті, сондай-ақ Қайрат Мәмиге еліміздің сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор лауазымына Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын Парламент Сенатына келісу үшін ұсынды.
«Ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ұзақ жыл жұмыс істеді. Басшылық қызметтегі және прокуратура органдарындағы тәжірибесі мол. Оның Бас прокурор лауазымына ауысуына байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Алик Шпекбаев тағайындалады», – деді Мемлекет басшысы.
Парламент Сенатының депутаттары ашық дауыс беру арқылы Қ.Мәмиді Жоғарғы Сот төрағасы лауазымынан босату және осы қызметке Ж.Асановты тағайындау туралы қаулы қабылдап, сондай-ақ Қ.Қожамжаровтың кандидатурасын Бас прокурор лауазымына тағайындауға келісім берді.
Соңында Қазақстан Президенті еліміздің сот және құқық қорғау жүйесінде сапалы әрі уақтылы реформалар жүргізудің маңыздылығына тағы да назар аударды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;
Марат Ғанұлы Демеуов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен;
Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
Жанат Қуанышұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Президенттік жастар кадрлық резервіне ену жолдары қандай -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты