- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Рухани жаңғырудың» іске асырылуы туралы ұжымдық монографиялар таныстырылды (ФОТО)
Астанада «Рухани жаңғырудың» іске асырылуы туралы ұжымдық монографиялар таныстырылды (ФОТО)
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, ҚР Президенті жанындағы рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі — Ерлан Сыдықов кіріспе сөзінде білім беру және ғылыми қауымдастықтар үшін монографиялардың маңызы аса жоғары екенін, аталған еңбектердің мазмұны жаңа материалдардан тұратынын әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тұжырымдамалық мәселелерін қамтитынын атап өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко да алғы сөзін арнай отырып, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласындағы нақты жобалардың, әсіресе, қазақстандықтардың жаңа бәсекеге қабілетті әрі патриотты буынын тәрбиелеу кезіндегі кешендік тәсілінің маңыздылығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, жүргізілген зерттеу нәтижелері Елбасының түбегейлі өзгерістерге қатысты бастамаларына қазақстандықтардың жоғары қолдау білдіретінін дәлелдеді. Бұдан өзге, ұсынылған материалдардың заң шығару процесін жетілдіру үшін маңызды екені аталып өтті.
Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов монографияларда мемлекеттің коммуникативтік және әлеуметтік саясатын қазақстандық қоғамның оны қабылдауы тұрғысынан мұқият және жан-жақты зерттеуге әрекет жасалғанын баса айтып өтті.
Алғаш рет ғылыми айналымға «интеграциялық-коммуникативтік саясат» термині енгізілді, оны тиімді жүзеге асырудың практикалары көрсетілді. ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсеткен жаңашылдықтар ретінде алғаш рет қазақстандық практикада нақты ұсынымдар жасау үшін әлеуметтік зерттеулер нәтижесін талқылаудың ашық алаңдары пайдаланылды. Монографиялардың еліміздің 50-ден астам ЖОО-ға әлеуметтік-гуманитарлық кафедралар мен ҚХА кафедралары үшін оқу-әдістемелік материал ретінде, сондай-ақ ұлттық кітапханалар мен олардың филиалдарына жіберілетіні кездейсоқ емес.
Тұсаукесерде ұжымдық монографиялардың бірлескен авторлары мен рецензия жазушылар сөз сөйледі: Н. Калашникова, Т. Бұрбаев, Ж. Медеуов, Ғ. Шалахметов, Ғ. Телебаев, Ж. Ысқақова, олар кросс-мәдени диалог форматындағы зерттеулерді және жаңғырту үдерістеріне қоғамның реакциясын жүйелі өлшеуді жалғастыру қажеттігін атап өтті, және маңыздысы — қазақстандықтардың қоғамдық сананың құндылықты негіздерін сақтауға қазақстандықтардың қатысу деңгейін арттыру.
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі