- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсізік жылдары қанша мәдени нысан салынды
Тәуелсізік жылдары қанша мәдени нысан салынды
Мәдениет министрлігінен хабарлағандай, 26 жылда 25 театр мен концерттік залдар бой көтерді, 1000-ға жуық жаңа музейлер, кітапханалар құрылды және де мәдениеттің бірегей білім беру ұйымдары жұмыс істеуде. Олардың қатарында, Қазақ ұлттық өнер университеті, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория мен Ұлттық хореография академиясы бар.
Ведомствоның мәліметі бойынша, 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес 7,9 мың мың нысан болған, оның ішінде 38-і республикалық маңыздағы нысандар. Атап айтар болсақ, оның 9-ы театр, 7-уі концерттік зал, 3-уі кітапхана, 6-уы музей, 9-ы тарихи-мәдени музей-қорық, 1-уі кинокомпания және 3-уі өзгеде ұйымдар.
Өз кезегінде, облыстық мәдениет нысандарының қатарында 4,1 мың кітапхана, 3,2 мыңға жуық мәени-демалу орындары, 238 музей, 64 театр, 94 кинотеатр, 39 концерттік ұйым, 132 мәдениет және демалу паркі, 8 зоопарк пен 4 цирк бар.
2014-2016 жылдар аралығында еліміз бойынша 38,7 мың қойылым қойылды, 17,8 мың концерт ұйымдастырылды, ал музейлер мен музей-қорықтар 24,5 мың көрме өткізді. 2017 жылдың 9 айында республикалық концерттік ұйымдар мен опера және балет театрлары 533 шара өткізді, оның ішінде 59 гастроль, оның ішінде 48 гастроль Қазақстан бойынша болса, 11 – шет мемлекеттерге еді. Көрермендер саны 459,2 мың адамды құрады.
«2016 жылдың қорытындысы бойынша музейлер мен музей-қорықтар 808 шара және 511 көрме өткізді, оның ішінде 39 халықаралық деңгейдегі шаралар болды. 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 349 шара өткізілді, оның 4-уі конференция, 193-і көрме, оның ішінде 35 халықаралық деңгейдегі шаралар. Ал, 2015-2016 оқу жылдары шығармашылық оқу орындардағы өнер мамандығы бойынша білім алатындар саны 3,6 мың адамды құрады. Магистратурада болса 240 адам, PhD доктарантурада – 41 адам білім алуда», - деп хабарлады ҚР МСМ.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Мұқағали Мақатаевтың тағлымды мұрасы қаншалықты бағаланып жүр -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Өзін-өзі оқшаулауды бұзғандар қанша айыппұл төлейді -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек