Қайрат Қожамжаров Бас прокурор болып тағайындалды

11 Желтоқсан, 2017 17:09
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор қызметіне Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Ақорданың Twitter-дегі жеке парақшасы.

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров – 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

1987-1995 жылдары – Жамбыл қаласының және Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызметте болды.

1995-1997 жылдары – Қорғас кеденінде контрабандаға және кеден тәртібін бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы-тергеушісі, экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі бөлім бастығы.

1997-1998 жылдары - Қорғас кедені бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

1998-1999 жылдары – «Озон-Ислам» ЖШС қаржы директоры.

1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі салық полициясы комитеті бас тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, басқарма бастығының орынбасары-бөлім бастығы, басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің тергеу және анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы.

2002-2004 жылдары – Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары.

2004-2007 жылдары – Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы.

2012-2013 жылдары – Ақмола облысының әкімі.

2013 жылғы қаңтар – 2014 жыл – Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы.

 

Барлық жаңалықтар