Ж.Асанов Жоғарғы соттың төрағасы болып сайланды

11 Желтоқсан, 2017 16:51
ҚР Парламенті Сенатының отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметіне жаңа кандидатура ұсынды.

«Парламент Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қожамжаров Қайрат Пернешұлының кандидатурасын қолдады», - делінген Ақорданың Twitter-дегі жеке парақшасында.

Асанов Жақып Қажманұлы

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1985), мамандығы - «Құқықтану».

1985 жылдан - Қызылорда облыстық қорғаушылар коллегиясының стажері.

1986 жылдан - Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі міндетін атқарушы, прокурордың аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратура бөлімінің бастығы.

1993 жылдан - жалпы бақылау басқармасының аға прокуроры.

1993 жылдың қазан айынан - ҚР Бас прокуратурасының жалпы бақылау басқармасының бақылау органдарында банктер, қаржы-несие қатынастары туралы заңнаманың орындалуын қадағалау бойынша бөлім бастығы.

1995 жылдың қараша айынан - кеңесші.

1996 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі.

1996 жылдан - ОҚО бойынша салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.

1997 жылдан - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, бастықтың орынбасары, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.

2001 жылдан - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

2002 жылдан - Павлодар облысының прокуроры.

2003 жылдан - ҚР Әділет вице-министрі.

2005 жылдан - «Атамекен» одағы» ҚҰЭП атқарушы директоры.

2005 жылдың маусым айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін - «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2006 жылдан - «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті.

2007-2011 жж. – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

2016 жылдың 25 сәуірінен - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.[1]

Марапаттары:

«Құрмет» орденімен марапатталған.

ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).

 

Барлық жаңалықтар