2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті – Ә.Смайылов

17 Қаңтар, 2014 11:05
2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті, деп мәлімдеді ҚР Статистика агенттігінің брифингінде ведомство төрағасы Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, 2013 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,3%, тау-кен өнеркәсібі 3,1%, қайта өңдеу өнеркәсібі 1,6% артқан.

«Жалпы, ауыл шаруашылық өнімдері 11,6%, транспорттағы қызмет көрсету көлемі 7,6%, байланыста 14% және саудада 12,7%  өсім байқалады», -деді.  

Сонымен қатар, ЖІӨ өсімінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы да әсер еткен. 2013 жылдың 11 айында ол 120 млрд 361 млн долларды құрады. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 0,9% артық.

Ведомство төрағасы 2012 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда былтырғы жылдың желтоқсан айындағы тұтыну құны индексі өсімі 104,8% құрағанын да айта кетті. Осыған орай азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасы 3,3 %, ақылы қызметтер 8% артты.

 

 

Барлық жаңалықтар