- Басты
- Жаңалықтар
- Илья Ильин: Мен өзімді тағы да сынап көргім келеді
Илья Ильин: Мен өзімді тағы да сынап көргім келеді
«Мен жаспын, әрі жоғары нәтижелерім бар, спорттағы орыным мәлім. Енді басқа салаға кетсем, оным дұрыс болмас еді. Керемет алаңда тағы бір ойын бар. Мені бір жола спорттан аластай алмайды»,-деді ол өз сөзінде.
Ал, келесі Олимпиадаға қатысу, қатыспау туралы әлі шешім шығармағанын мәлім етті.
«Әуелі, еліміздің спорттық басшылығымен сөйлесеміз, қандай жағымды, жағымсыз тұстары болады, тосқауылдар бәрі де ойластырылады. Егер қандай да бір олимпиада болсын, немесе әлем чемпионаты болсын, басшылық қосылып, жағымды жақтары басым деп есептелгеннің өзінде, қатардағы әр бір спортшымен ұқсас, дене сапасын тексеруден өткізу керек болады. Мен өзімді қадағалап, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстандым. Дегенмен бір жарым жыл деңгейінде жоғары дәрежеде көңіл бөле алған жоқпын», - деді ол.
Егер арнайы тексерістен кейін, дәрігерлер маған: «сіздің дене сапаңыз өте жақсы, бұлшық ет талшықтарыңыз сапалы, жүрегіңіз қажетті шартта жұмыс істейді» десе, мен кем дегенде 95 пайызға өзіме сенімді боламын, дейді ол.
«Сол кезде қатыса аламын деп нық айта аламын. Әрине, алда әлі де көп жұмыстар жатыр, команда құру керек, барлық шарттар дайын боп жатса нақты шешім қабылдауға болады»,-деді Илья Ильин.
«Шын мәнінде, мен өзімді тағы да сынап көргім келеді. Әлі де болса өзіме қажеттіні алып болған жоқпын, әлі жаспын. Биыл 29 жастамын, бұрын да айтқанмын, 4 олипиадаға қатысу жоспарым болғанын. Соның бірі осы Токио Олимпиадасы. Әрбір кәсіби спортшы 3-4 олимпиадаға қатысуы – қалыпты жағдай. Сондықтан, мен де бұл мүмкіндікті пайдаланғым келеді»,-деп түйіндеді ол өз сөзін.
Есбол Социалхан
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары