- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда Сарыарқаның игілігі туралы фильмнің тұсауы кесілді
Қарағандыда Сарыарқаның игілігі туралы фильмнің тұсауы кесілді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде түсірілген Сарыарқа туралы, Қарағанды облысының киелі мекендері туралы фильм ол тек әсем кадрлардың жиынтығы ғана емес. Ол ойландыратын дүние. Осындай фильмдер бүкіл респубиликамыз бойынша түсірілетін болады, - деді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.
Деректі толық метражды фильм бес ай бойы Ақтоғай, Қарқаралы, Шет, Ұлытау аудандарында түсірілді. Түсірілім «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорымен және Vega Invest Films Media Produсtion продюссерлік орталығымен «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.
Фильмде Сарыарқа бір жағынан ен даладағы шағын өзен мен көлдер, қайың тоғайлары мен қарағай ормандары, таулар мен ыстық құмы бар әсем мекен ретінде көрсетілген. Ал екінші қырынан фильм біздің облысымызды орталығы Қазақстанның кеншілер астанасы –Қарағанды болып табылатын өнеркәсіптік алпауыттар аймағы ретінде көрсеткен.
Автордар «Қазақстан Киелі мекен Сарыарқа» фильмі бес сериядан құралады деп жоспарлауда. Әзірге көрсетілімге бірінші бөлімі ғана дайын.
“Қарағанды облысының аумағында қызығушылық тудыратындай киелі мекендер өте көп, сондықтан біз түсірілімді осы жерден бастадық. Жергілікті халық әдетте әсем жерлерге жиі бара қоймайды. Сондықтан қарағандылықтар мен облыс тұрғындары үшін олардың аймақтарындағы көрнекті жерлер туралы бейнені тамашалау қызықты болады деп ойлаймыз. Өз Отаныңды біліп, жақсы көру керек, - дейді «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорының президенті Зәуре Бейісова.
Қарағандыда өткен премьералық көрсетілім қайырымдылық шарасы болған. Жиналған қаражат ауыр дерттерге шалдыққан балаларды қолдау орталығына жіберіледі.
«Фильмнің премьерасы Қазақстан Тәуелсіздігі Күні қарсаңында ұйымдастырылды. Біздің облыс үшін ол өте маңызды. Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, өз Отанын қадірлеу, дамуға бет бұру – дәл осыған Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғыру» мақаласында халқымызды шақырады, - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Қадиша Оспанова.
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады