- Басты
- Қарағандыда темір жол вокзалын қалыпқа келтіру 2018 жылы басталады
Қарағандыда темір жол вокзалын қалыпқа келтіру 2018 жылы басталады

«Қарағанды вокзалы 1956-шы жылы салынған. Қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жыл басында Президенттің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында берілген Елбасының тапсырмасы бойынша жүргізіледі», - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.
Аймақ басшысы ғимараттық тарихи келбетін сақтап қалу керектігін атап айтты.
Жоспарда вокзал ғимаратын қайта қалыпқа келтіру және қосымша құрылыс салу бар. Алайда ештеңе түбегейлі өзгермейді, тек ғимараттың келбетін және ішін жөндейміз. Біз барлық сәулет нышандарын, әшекейлерін сақтап қаламыз. Ең бастысы – жолаушыларға жайлылылық қамтамасыз ету.
«Қазір вокзалдың ауданы 2 324,8 шаршы метр. Қайта қалыпқа келтіру жұмыстарынан соң ол 4 209,71 шаршы метрге дейін ұлғады. Темір жол арқылы өтетін қосымша құрылыстар, жаңа екі қабатты павильон және басқа да қосалқы аумақтар пайда болады. Сағатты мұнараға ауыстырады. Қасбеттің қаптамасында гранит тасы қолданылады. Жолаушылар ағымы тәулігіне 4000-нан 7240 адамға дейін ұлғаяды деп қарастырылуда. Жаңартылған ғимаратта лифт, эскалаторлар орнатылады. Екінші қабатта фудкорт аумағы қарастырылмақ», - деп сендірді жоба инженері Игорь Болдырев.
Жоба әлі мемлекеттік сараптамадан өтуі қажет. Алдын ала есептеу бойынша жұмыстар құны 2 млрд теңгеге шақталып отыр.
Қайта қалыпқа келтіруге бюджеттік қаражат қажет болмайды – жобаны теміржолшылар қаржыландырады. Қазірдің өзінде мердігер компания анықталған – Астаналық «МұнайИнтерҚұрылыс» фирмасы.
Вокзалды қайта қалыпқа келтіру жұмыстары 2018-ші жылдың наурызында басталып, 2019-шы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.
-
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ
-
Жол бойында көрсетілетін қызмет сапасы арттырылмақ
-
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина
-
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты
-
Алаштың Ахаңы: өмір жолы мен өміршең идеялары
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім
-
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қандай
-
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар

