- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ана өлімі көрсеткіші жойылды
Қызылорда облысында ана өлімі көрсеткіші жойылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов патронаж қызметтерін көрсетудің маңызы мен мағынасы туралы айтып өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы аталмыш модельді республика аймақтарына енгізу маңызды екенін жеткізді.
«Әмбебап озық модель көптеген жылдар бойы жәнетүрлі тұстарынан өз артықшылықтарын дәлелдеді. Модель балалар мен сәбилер өлімін, шала туылуын және ауыруын азайтуға бағытталған. Үйге барып қарау қызметтері баланың жан-жақты дамуына, балалардың жарақаттар алуын азайтуға, отбасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға септеседі. Сонымен қоса, аталмыш модель әлеуметтік тұрғыдан ұрымтал және оқшау қалған отбасыларды денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызметтеріне араластырады», - деді Е.Біртанов.
2016-2017 жылдары Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүкті әйелдерге және 5 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға патронаж қызметтерін көрсетудің жаңа үлгісі апробациядан сәтті өтті.
Е.Біртанов айтып өткендей, 2-3 жыл бұрын Қызылорда облысы көрсеткіштер бойынша тізім соңында болатын.
Жалпы, министр айтып өткендей, аталмыш бағдарлама дәстүрлі жұмыс формасынан пациентке бейімделген патронажға көшуді ұсынады.
«Бұл әмбебап модель әрбір ана мен отбасы, баламен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз министрлік тарапынан толық қолдауға дайынбыз. Стандарттар мен педиаторлық көмек көрсету бойынша сәйкес бұйрық әзірленді. Оқыту бойынша шаралар жоспары іске қосылады. Жыл соңына дейін аяқтаймыз деп ойлаймын», - деді Е.Біртанов.
Жалпы, дәрігерлердің айтуынша, әмбебап модель көп жылдар бойы өз артықшылығын көрсетіп келе жатыр. Модель ана мен сәби өлімін азайтуға бағытталған. Патронаж қызметін қолдану көрсеткіші 14 пайызға өсті.
Ақбота Күзекбай
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды