• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның оқушылары 25 жылда олимпиадаларда 9 мыңнан астам медаль жеңіп алды

Қазақстанның оқушылары 25 жылда олимпиадаларда 9 мыңнан астам медаль жеңіп алды

11 Желтоқсан, 2017 13:32
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап білім беру мәселелері мемлекетті дамыту барысында басымдылыққа берілді. Білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын орташа есеппеп ЖІӨ-нің 3%-нан төмендеген емес, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі.

БҒМ ақпараты бойынша, білім беру саласының шығыны біржарым триллионға дейін өсіті. 2015 жылдан бастап 22%-ға артты.

1993 жылы іске қосылған «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарлама халықаралық деңгейдегі оқиға болды. Сол кезден бастап көптеген елдер осындай бағдарламаларды іске қосты. 24 жылдың ішінде 12 мыңнан астам талантты жастар бағдарламаның степендианттары атанды, олар әлемнің үздік университеттерінде білім алуда.

Қазақстан 2000 жылы ТМД-да мектептерді бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуді 100%-ға аяқтады.

«Ауыл мектебі» бағдарламасы аясында  2003 пен 2006 жылдары 133 мектеп салынды.

Ведомстводан хабарлағандай, 2001 жылдан бастап білім беру саласы жаңа деңгейге көшті. Жаңа редакциядағы «Білім туралы» заң, Білім мен ғылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама және т.б. қабылданды.

Мектепке дейінгі мекемелердің инфрақұрылымдық дамытуға ерекше назар аударылды. Бұған дейін жалға беріген немесе жекешелендірілген балабақшалар қайта қалпына келтірілді. «100 мектеп» жобасы іске асырылды. Жаңа заманның оқулықтарын енгізу басталды. 

Барлық жаңалықтар