- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті
«Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталды.
Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, «Астана – Ардағым» сыйлығы 20 категория бойынша берілді, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.
«Бүгінгі күні Алматы қаржы және экономикалық магнит ретінде еліміздің саяси орталығы – Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді», - деп атап өтілді Алматы әкімдігінде.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры – екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры», деген сөздері еске түсірілді.
Еске салсақ, келер жыл Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу жоспарланған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев