- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылады
Ақтөбеде аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылады
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен аталмыш қор директоры Марат Айтмағамбетовтың және қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шармановтың кездесуі нәтижесінде серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.
«Ақтөбе облысында «аутизм» диагнозы бар 217 бала тұрады. Біздің міндетіміз – оларға және олардың ата-анасына барынша көмектесіп, қолдау көрсету»,-деген Бердібек Сапарбаев жобаның жүзеге асырылуына билік тарапынан жан-жақты ықпал жасалатынын жеткізді.
Сонымен бірге облыс әкімі құзырлы мемлекеттік органдарға жобаны жүзеге асыру барысында аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарының облыстық ассоциациясымен тығыз қарым-қатынас жасауды тапсырды.
«Асыл Мирас» қайырымдылық қоры 2015 жылы «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын таныстырған болатын. Аутизммен ауыратын балаларды оңалту орталығы аталмыш бағдарламаның жобаларының бірі болмақ. Айта кетейік, осы жобаны жүзеге асырудың арқасында мұндай орталықтар Алматы, Астана, Қызылорда мен Өскемен қалаларында жұмыс жасап жатыр.
«Бағдарлама Қазақстанда аутистік спектр ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсетудің озық жүйесін енгізуге бағытталған. Біз осы жоба аясында 15 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасаймыз, өкінішке қарай ересектерге мұндай жағдай жасау мүмкін болмай отыр, бірақ жоспарда бар. Бейресми деректерге сүйенсек, елімізде аутизммен ауыратын балалар анағұрлым көп, өкініштісі, олардың саны дүние жүзінде артып келеді. Сондықтан қор осы мәселемен айналысуды ұйғарды»,-деді қор директоры Марат Айтмағамбетов.
Ақтөбедегі орталықты 2018 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мекемеде аутизм дерті бар балалар мен олардың ата-аналарына білікті мамандардан толыққанды көмек алу үшін жағдай жасалады. Мұнда ата-аналарға балаларды тексеру мен емдеу, жалпы білім беретін мектепке дайындау кезінде қолдау көрсетіледі. Бұдан басқа орталық аутист балалармен жұмыс жасайтын мамандарды даярлауды да қолға алады.
«Аутизммен күрес мәселесінде мамандарды даярлаудың маңызы зор. Осыған байланысты біз осы мәселеге баса мән беріп, Америка мен Еуропадан үздік мамандарды шақырмақпыз»,-деді Алмаз Шарман.
Айта кетейік, орталық ұсынатын барлық қызмет ақысыз жүргізілетін болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды