- Басты
- Жаңалықтар
- QazaqGeography жолнұсқалардың электронды нұсқаларын шығаруды жоспарлап отыр
QazaqGeography жолнұсқалардың электронды нұсқаларын шығаруды жоспарлап отыр
Отырыс барысында QazaqGeography-дің 2017 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде Атқарушы директор Жана Рүстем, Медиа кеңестің Төрағасы Ержан Бабақұмаров және Басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин баяндама жасады.
Жана Рүстемнің айтуынша, QazaqGeography 2017 жылы 19 ауқымды іс-шара өткізді, олардың арасында Батыс Қазақстанның киелі жерлеріне жасалған «Киелі Қазақстан» экспедициясы, «Хан Қорық» жастар фестивалі, Сайрам-судағы халықаралық мәдени-этникалық «ЭтноАртФест» фестивалі және т. б. бар.
Қоғамның шетелдік серіктестерімен бірлесіп, тұран жолбарысын, Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру бойынша кешенді жұмыс жалғасуда. А. ж. 15 маусымында «Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға табиғатта жоғалып бара жатқан жануарлар түрлерін Қызыл кітапқа енгізу мүмкіндігі жөнінде өзгертулер енгізілді.
Сондай-ақ «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру және Іле-Алатау паркі мен Қайрақ сарқырамасының туристік инфрақұрылымын бейімдеу арқылы Іле Алатауында шағын топтар үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін алғашқы қолжетімді туристік сүрлеулер салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бұдан өзге, QazaqGeography туризмді дамыту бойынша шаралар қолдануда – «Арал — шексіз қонақжайлылық» жобасы жүзеге асырылып жатыр, Ақмола облысы Зеренді ауданында экспедиция жүргізілді. Сонымен қатар Алматы облысында қар көшкініне қарсы жабдықты енгізу бойынша жобаға қолдау көрсетілуде.
Ержан Бабакұмаров өз сөзінде QazaqGeography медиа кеңесінің негізгі міндетіне тоқталды — ол Қазақстан географиялық қоғамы брендін кезең-кезеңмен қалыптастыру және оның танымалдығын арттыру, ақпараттық, баспа және ағартушылық қызметті үйлестіру.
Биылғы жылы QazaqGeography Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарына атсалысуда.
«Біз «Туған жер» және «Қазақстанның Қасиетті географиясы» жобаларына айрықша назар аударып отырмыз. Отанға деген сүйіспеншілік, оның географиясын, әрбір қазақстандыққа киелі саналатын мекендерді терең таныту арқылы патриотизмге үндеу - географиялық қоғамның мақсаты», - деп атап өтті медиа-кеңестің төрағасы.
2017 жылғы жұмысты қорытындылай келе, Ержан Бабақұмаров жүзеге асырылған бірқатар медиа жобаларға тоқталып өтті. Оның ішінде Батыс Қазақстанға жасалған экспедиция іздері бойынша киелі жерлер туралы деректі телевизиялық хабарлар топтамасын шығару, Арал теңізінің жағдайы және өңірдің қазіргі өмірі туралы кітаптар, «Торғай» геоглифтерін археологиялық және геологиялық зерттеу нәтижелері туралы ғылыми кітапша, Баянауыл курорттық аймағының картасын басып шығару бар.
Ержан Бабақұмаров сондай-ақ алдағы жылға жоспарды белгіледі. Осылайша, «QazaqGeography сағаты» радио бағдарламасын құру, Қазақстан бойынша карталардың, бағдарлар мен жолнұсқалардың электронды нұсқаларын шығару, сондай-ақ жер, қоғам және мәдениет туралы ғылымдар саласында журналистік зерттеулер жүргізу үшін жыл сайынғы гранттар ұсыну жоспарланған.
Басқару кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин атқарылған жұмыстар туралы айта келе, QazaqGeography Жабайы табиғат қоры, сондай-ақ Ресейдің, АҚШ, Қытай және басқа да елдердің географиялық қоғамдары сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді.
Отырысты қорытындылай келе, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов бірқатар тапсырмалар берді.
Кеңес отырысының соңында Қазақстанның табиғатын, адамдары мен қалаларын жаңа және күтпеген қырынан көрсететін үздік фотосуреттерді іздеу мақсатында 2017 жылғы 25 шілдеден бастап 24 қазанға дейін өткізілген «Менің Қазақстаным» фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды.
Бұдан өзге, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде желтоқсанның 7-сі мен 29-ы аралығында QazaqGeography Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының «Менің Қазақстаным» және Орыс географиялық қоғамының «Ең әсем ел» фотобайқауларының бірлескен көрмесі өткізіліп жатыр. Көрмеде фотобайқаулардың барлық топтамалары мен номинацияларының 41 үздік жұмысы ұсынылған.
Айтка кетейік, 2013 жылғы қазанда құрылған «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі (QazaqGeography) бес бағытта жұмыс жасайды: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі уақытта келесі өңірлерде 11 өкілдік ашылған: Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары