• Басты
  • Елорданың басты ғимараттары (ФОТОШОЛУ)
10 Желтоқсан, 2017 10:01

Елорданың басты ғимараттары (ФОТОШОЛУ)

2018 жылы Қазқастан астанасы 20 жылдығын мерекелейді. Бұл мереке жыл сайын Бас қалада ғана емес, ел өңірлерінде де кеңінен тойланады. Елбасы елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы Жарлыққа 1997 жылдың 10 желтоқсанында қойған болатын. «Strategy2050.kz» АА ұжымы елордадағы басты ғимараттар туралы фотошолуын ұсынады.
Елорданың басты ғимараттары (ФОТОШОЛУ)

"Бәйтерек" монументі 

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды.

«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

Нұр Астана мешіті 

Нұр-Астана мешіті  Астана қаласында орналасқан мешіт. «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды.

Бейбітшілік пен келісім сарайы 

Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астанақаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.

Транспорт Тауэр

 

Астана қаласында орналасқан «Транспорт Тауэр» әкімшілік ғимараты Қазақстанның ең биік 10 ғимаратының қатарына жатады. 2003 жылы қолданысқа берілген ғимарт 36 қабаттан тұрады, биіктігі 155 метр. Жоғарғы қабаттарға көтерілетін адамдар ағынын реттеу үшін ғимаратта 10 лифт жұмыс істейді. Ғимаратта 150 адамдық дәмхана, 300 орындық конференц-зал бар.

Халық арасында «оттық» аталып кеткен ғимарат өз тарихында екі рет өртке оранды. Қолданысқа берілгенге дейін 2003 жылы құрылыс жұмыстары барысында жоғарғы қабаттардың бірінен өрт шыққан. Ресми деректерге қарағанда өрттің шығуына дәнекерлеу жұмыстары себеп болған.

4 техникалық және 32 қолданыстағы қабаты бар ғимараттан 2006 жылы тағы да өрт шықты. Өрт сөндіруге 148 адам және 32 арнайы техника қатсысқан. Нәтижесінде 6 өрт сөндіруші шыны сынықтарынан зардап шегіп, екі қызметкерге иіс тиген.

Қазақстан Темір Жолы 

«Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ бас кеңсесінің ғимараты - Қазақстанның биік доминанттарының бірі. Заманауи үлгіде жасалған зәулім үй Астананың мақтанышына айналды. Және Қазақстандағы ең биік ғимарат. Биіктігі – 175 метр.

Солтүстік Сәуле ТК 

«Солтүстүк сәуле» атты тұрғын үй кешені Астанада 2008 жылы салынған. Кешен 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады.  «Хай-тек» стилінде жасалған тұрғын үй кешенінің биіктігі 180 метр. 

Цирк 

2002 жылы «Концерн «Найза-Құрылыс» Астана қаласының Әкімшілік жоспарлау және құрылысты дамыту департаментінің тапсыры бойынша цирк ғимаратын салу бойынша міндеттеме алды.

Жоба авторы  «Казгипрогор» сәулетшісі Төлеген Әбілда өзінің серіктестерімен бірлесе отырып «ұшатын табақша» түрінде жасалған бірегей цирк ғимаратының жобасын әзірледі. Оның көрермендерге арналған классикалық диаметрдегі (13 метр) аренасы бар залына 2000 көрермен сияды. 36 орындық VIP-ложа жеке орналасқан.

 

Гультай Хасенова

Фото: Азамат  Әлиев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды