- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Астанада «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Аталмыш сыйлық 10 номинация бойынша, яғни әдебиет, ғылым, бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрадалық өнер, халық шығармашылығы саласында үздік деп танылған жастарға берілді.
«Журналистика» номинациясы бойынша «Atameken Business Channel» телеарнасының «Басты тақырып» бағдарламасының жүргізушісі Ерболат Мұхамеджанов және «Республикалық радио» ЖШС жаңалықтар қызметінің редактор-жүргізушісі Әлібек Әбділов жеңіске жетті.
«Эстрада» номинациясы бойынша эстрада әншісі Серік Ибрагимов, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Рүстем Жугінісов жеңіске жетті. Ал «Классикалық музыка» номинациясы бойынша «Young Eurasian Soloists» камералық оркестрінің солисі Шернияз Мұсахан мен «Астана Опера» Ұлттық опера және балет театрының әншісі Мария Мудряк «Дарын» сыйлығын алды.
Сонымен қатар «Спорт» номинациясы бойынша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы,танымал спортшы Денис Тен және шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасова аталған сыйлыққа ие болды.
Сондай-ақ «Театр және кино» номинациясы бойынша Г.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Динара Абдуллина және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасының жетекші солисті Бақтияр Адамжан аталмыш сыйлықтың лауреаттары атанды.
Ал «Халық шығармашылығы» номинация бойынша айтыскер ақын Сырым Әуезхан және Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Дәулетхан Сартай жеңіске жетті.
«Әдебиет» номинациясында ақын Динара Мәлікова, «Ақ жол» демократиялық партиясының идеологиялық жұмысы бөлімінің кеңесшісі Елдос Тоқтарбаевтың еңбектері жоғары бағаланды.
«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Нұрболат Асқар мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы, әрі оң қолынан өнер тамған зергер Халиев Берік Жұмағалиұлына берілді.
«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығымен «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығының басшысы Дәулет Кәрібекке және Атырау облысындағы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастырушысы Илияс Қонысбаев марапатталды.
«Ғылым» номинациясы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жетекші маманы Нұрғали Ақылбековпен әрі Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми тобы - Илья Королкова және Дмитрия Шлимастың еңбектері жоғары бағаланды.
Жиында барлық жеңімпаздарға «2017 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы берілді әрі олар дипломмен, төсбелгімен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырған шара ағымдағы жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отыр.
Салтанатты шара рәсіміне Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік ұйымдардың, азаматтық сектордың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мәдениет және өнер қайраткерлерінің өкілдері қатысты.
-
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды -
Astana Hub: TechHub.kz платформасын әзірлеу бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауының жеңімпаздары анықталды -
Үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды -
Алматы облысы әкімінен covid-19 анықталды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Елімізде коронавирустың белгілері жоқ 339 тасымалдаушы анықталды