МЖӘ туралы заң іс-қимыл аясын кеңейтті - Данагүл Исламбаева

8 Желтоқсан, 2017 18:20
2015 жылы 31 қазанда қабылданған «МЖӘ туралы» заң іс -қимыл аясын кеңейтті, деп мәлімдеді МЖӘ орталығының сарапшысы Данагүл Қыстаубаева «Стратегия» пікір талас клубының мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің нақты көрсеткіштері талқылауға арналған отырысында.

«2006 жылдың 7 шілдесінде «Концессиялау туралы» заң қабылданған болатын. Алайда одан бері ешқандай жоба іске аспағаннан кейін МЖӘ туралы заң қабылдау қажеттілігі туындап, 2015 жылы 31 қазанда заң қабылданды. Оған ҚР ҰЭМ сарапшылары мен МЖӘ орталығының мамандары атсалысты. Бұл заң көшті ілгерілетті,  осы саладағы іс-қимыл аясын кеңейтті. Мемлекеттік жеке меншік секторындағы инфрақұрылымдық қызметтер мен қоғамдық қызмет көрсету жобаларын жүзеге асыру мақсатындағы ынтымақтастықты айқындады», - деді сөз басында орталық сарапшысы.

Оның айтуынша, 2015 жылы қабылданған заңға уақыт талабына орай өзгерістер енгізіліп келуде.

«2015 жылы қабылданған заңға жақында ғана уақыттың сұранысына, елді мекендердегі жобалардың бағытына  қарай  өзгерістер енгізілді. Мысалы, жобалау мерзімі өзгертілді. Бұған дейін жобалау 7 ай жүргізілсе, енді ол 3 айда аяқталады. Сонымен қатар, бағдарламалық әріптестік дейміз, әрбір аймақта қайталанатын бағдарламалар бар. Мысалы Балапан бағдарламасы, жол жөнеу бағдарламасы, медициналық құрал жабдықтарды лизингке беру бағдарламалары болсын олардың құжаттарын дайындап типтік бағдарламаға ауыстыруға жағдай жасалды. Яғни, кәсіпкер өзіне  байланысты сала бойынша жобаны іріктеп алып, жүзеге асыра алады. Оған ешқандай шектеу қойылмайды», - деп түсіндірді Данагүл Қыстаубаева.

Айта кетейік, бұл жобаларды іріктеп алуда жобалардың кеңінен таралуына байланысты басымдылық беріледі.

Мөлдір Асқарқызы

Барлық жаңалықтар