МЖӘ бойынша аудандар дербес жұмыс істей алады – Ә.Сейдуманов

8 Желтоқсан, 2017 18:03
МЖӘ бойынша аудандар дербес жұмыс істей алады. Бұл туралы ҰЭМ Мемлекеттік жеке меншік басқармасының бас сарапшысы Әділ Сейдуманов «МЖӘ-ні дамыту» тақырыбындағы Стратегия пікірталас клубында мәлімдеді.

«Мемлекеттік жеке меншік әріптестік   туралы заңға өзгертулер енгізу  бойынша  Елбасының  тапсырмасы   аясында  елдегі бірқатар ұйымдар жетілдірілді.  Биылғы  30 қарашада    МЖӘ туралы аталмыш заң қабылданды.Жобаларды келісу мерзімі  7 айдан  3 айға дкейін қысқарталды. Яғни,  бұрындары  бір жобаны келісу   7 айдан  басталса, қазір   бизнес жоспарды жасау, оны қорғау, тексерту  2 процедураға қысқарды. Үш айдың ішінде  жобаны бастап кетуге болады», - деді Ә.Сейдуманов.

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша,  МЖӘ  бойынша  тұтыну кепілдігі 3 жылдан бастап  беріледі. Бұл  ұзақмерзімді кепілдік, осыған  дейін  1 жылға  ғана   шарт жасалатын. Қазір ол 3 жылдан бастап  30 жылға дейін ұзартылды. Бұл тұрақты кәсіпкерлік болып табылады.

«Сондай-ақ, қазір   аудандар дербес жұмыс істей алады.   Мәселен,  осыған дейін ауданда жоба асыру үшін облыстық басқармаларға барып, рұқсат алып, үрдісті жалғастыру керек  болатын. Қазір аудандық жерлердегі жобалар дербес түрде жүзеге асырылады. Шешімді тәуелсіз қабылдайды»,  – деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін ҰЭМ Мемлекеттік жеке меншік басқармасының бас сарапшысы Әділ  Сейдуманов «Стратегия» пікірталас клубы барысында Ұлттық экономика министрлігі республикалық жобаларды әдістемеден өткізетіндігін айтқан болатын. 

Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар