- Басты
- Жаңалықтар
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры немен айналысады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры немен айналысады
«Бұрын кепілдендірілген тегін көмекке берілетін қаржы әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден бөлінетін болса, келер жылдан бастап ол республикалық бюджетте шоғырланады. Бірақ басты артықшылық неде? Бұрын бюджеттен бөлінген қаржы мемлекеттік тапсырыс алған денсаулық нысандарына бөліп берілетін. Жалпы, қаржыны реттеу жүйесі бөлінген ресурсты таратып беруге негізделді. Тарифтің өзі дұрыс есептелген жоқ. Салдарынан аймақтар арасында тепе-теңдік бұзылды», - деді Елена Бахмутова.
Қордың баспасөз мәліметіне сүйенсек, медициналық көмектің бір ғана түрінің өзі әртүрлі тарифтер бойынша қаржыландырылды. Өйткені, қаржы әр өңірдің бюджетіне қарай бөлінді. Ал, әр аймақтың мүмкіндігі әртүрлі. Қазір біздің алдымызда тұрған үлкен мәселенің бірі осы.
«Сақтандыру қорының мақсаты тарифке қатысты ұсыныстар әзірлеп, Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыну. Біз тым болмаса сол тарифтердің барлық жерде біркелкі болуын қамтамасыз еткіміз келеді. Екінші, медициналық көмектің қолжетімділігі мәселесі. Өкінішке орай, бізде іс жүзінде медициналық көмек қолжетімді емес. Бұл да бір ұшы қаржыландыру деңгейіне келіп тірелетін мәселе», - дейді қор басшысы.
Айтуынша, қор қаржылық оператор, ал, рынокты Денсаулық сақтау министрлігі реттейді. Қор медициналық қызметті тұтынушылар мен жеткізушілер арасындағы амбудсмен рөлін атқарады. Былайша айтқанда, тұтынушылардың мүддесін қорғайды. Біз реформалардың катализаторы болғымыз келеді. Қор барлық міндеттер мен проблемаларды өз бетінше шеше алмайды. Бірақ жүйенің осал тұстарын анықтап, ұсыныстар жасай алады.
Дегенмен, денсаулық саласындағы мәселелерді бір ғана қаржыландыру мәселесімен шешеміз десек қателесеміз. Ұлт саулығын жақсарту үшін әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастырмай жағдайды өзгерту қиын, дейді маман.
«Мемлекет басшысы бір сөзінде адам денсаулығы 10-15 пайыз жағдайда ғана дәрігерлерге тәуелді, қалғаны оның өзіне байланысты деген болатын. Шынында, өзіміз ұмтылып отырған озық елдер қатарына қосылу үшін мықты адами капитал қажет. Біз медициналық қызметтерді жиналған қаржыға қарай сатып алатын боламыз. Кепілдендірілген тегін медициналық көмекке бөлінетін қаржы 2018 жылы екі есеге дерлік қысқарып отыр. Яғни, мемлекет медицинаны толық қаржыландыра алмайды. Іс жүзінде тегін делінген жүйенің көбіне азаматтардың қалтасын қағатынын аурухана жағалағандар жақсы біледі», - деп қорытты Е.Бахмутова.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары